Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (25маусым1893 – 19наурыз1938) – көрнекті қазақ ақыны, аудармашы, педагог, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың, "Алаш"қозғалысы көшбасшыларының бірі.
Ақмола губерниясы Петропавл уезінің Сасықкөл шатқалында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) дүниеге келген. Оның әкесі Бекен, би, болыс билеушісі болған, анасы Гүлсім.
Әкесі мен үй мұғалімінің көмегімен сауатын ашқан.
1905-1910 жж. – Петропавл медресесінде білім алды.
1910-1911 жж. – Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқыды.
1913-1916 жылдары – Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.
1917жылғыреволюцияданкейінАқмолаоблыстыққазақкомитетініңқұрамына қабылданды,АлашОрдамүшесі болды.
1918 жылы Омбы мен Петропавлда Қазақ мұғалімдерінің курстарын ашып, соның директоры болады.
1921 жылы Петропавлда «Бостандық туы» газетінің редакторы.
1921-1922 жылдары Мағжан аштықтан құтқару комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
1922 жылыТашкенттегі Қазақ — қырғыз ағарту институтында сабақ береді, ("Ақжол","Сана","Шолпан"жәнет.б.) газеттер мен журналдарда белсенді жұмыс істейді көп теген өлеңдермен поэмаларды, сондай-ақ бірқатар әдеби зерттеу жұмыстарын жариялайды.
1923-26 жылдары Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде шығыс тілдерінен сабақ береді, Мәскеу қ. әдеби-көркемсурет институтында оқиды.
1927 жылы Петропавл қ. педагогикалық техникум мен совпарт мектебінде қазақ тілі пәнінің мұғалім.
1929 -1936 жылдары 10 жылға бас бостандығынан айырылып, Архангельск облысында жазасын өтеді.
1937 жылы Петропавл қ. орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1937 жылы көктемінде Алматыға барды.
1937 жылы 30желтоқсанда қамауға алынды.1938 жылдың 19 наурызында атылды.
1960 жылы 8 шілдеде ақталды. 1988 жылы толық ақталды.
Мақаланы құрған күні 11.08.2025 16:48
Мақаланы жаңартқан күні 11.08.2025 16:51