"Мағжан – сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті. Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті"
Жүсіпбек Аймауытов
"Абай – ақылдың ақыны, ал Мағжан – ақынның ақыны. Мағжан ақын ретінде Абайдан күштірек. Біз Мағжаннан үйренуіміз керек"
С.Мұқанов
"Бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін"
Мұхтар Әуезов
"Қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының, айтулы алтын діңгектерінің бірі ғана емес, бірегейі – Мағжан Жұмабаев"
Зейнолла Қабдолов
«Әрі ақын, әрі романшы , әрі драматург және әдебиет тарихының зерттеушісі – Сәбиттің аты қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты, анық қымбат аттың бірі»
Мұхтар Әуезов
«Жазушы Сәбит Мұқановтың қолынан туған еңбектер өз алдына бір энциклопедия»
Ғабит Мүсірепов
«Біз егер кеще болмасақ , ұлы өнердің кәдімгі Сәбит Мұқановтай кесілмей, пішілмей туа салған ұлы өкілінің рухына әманда басымызды иіп, тағзым етіп жүруге тиіспіз»
Сафуан Шаймерденов
Мақаланы құрған күні 11.08.2025 16:59
Мақаланы жаңартқан күні 12.08.2025 15:19